» » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

Жыл сайын 4 маусымда елімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді. Бұл мереке – Ту, Елтаңба және Әнұранға құрмет көрсетіп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, елдік рухты нығайтатын маңызды күн.
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз Қазақстанның айқын белгісі, егемендігіміздің басты нышаны. Олар халқымыздың тарихын, мәдениетін және болашаққа деген сенімін бейнелейді. Сондықтан рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың Отан алдындағы парызы.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ресми түрде бекітілді. Ал қазіргі Мемлекеттік Әнұран 2006 жылы қабылданды. Осылайша ұлттық рәміздер тәуелсіз еліміздің тұғырлы құндылықтарына айналды.
Көк Туымыздағы алтын күн мен қыран құс бейбітшілік пен еркіндікті, жасампаздық пен биік мақсаттарға ұмтылысты білдіреді. Ал ұлттық өрнек халқымыздың бай мәдени мұрасын айшықтайды.
Мемлекеттік Елтаңбаның негізгі бөлігі – шаңырақ. Ол ел бірлігі мен ортақ үйіміз – Қазақстандағы татулықтың символы. Қос пырақ халқымыздың күш-қайратын, еркіндікке деген ұмтылысын бейнелейді.
Әнұран әрбір қазақстандықтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады. Оның мазмұны мен әуені халықтың рухын көтеріп, елге деген адалдықты дәріптейді.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай ауданымызда тағылымы мол мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып, көк Ту көкке көтерілді. Ел рәміздеріне құрмет көрсеткен тұрғындар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Шара барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздерді қастерлеудің маңыздылығына тоқталды.
– Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті міндеті. Бүгінде Қазақстанның көк байрағы халықаралық жарыстар мен түрлі беделді алаңдарда желбіреп келеді. Бұл – еліміздің жетістігі мен абыройының көрінісі. Сондықтан ұлттық құндылықтарды дәріптеп, олардың мән-маңызын жас ұрпақтың бойына сіңіру – ортақ міндетіміз, – деді аудан басшысы.
Мерекелік жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметшілер мен жас сарбаздар Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.
Кеш барысында жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Елдік пен ерлікті, туған жерге деген сүйіспеншілікті арқау еткен шығармалар көпшілік тарапынан жылы қабылданды.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, мемлекеттік құндылықтарға деген құрметті арттыра түседі. Көк байрағымыз көгімізде мәңгі желбіреп, Елтаңбамыз елдігіміздің айғағы, Әнұранымыз халқымыздың асқақ рухының үні болып қала бермек.
Бауыржан ЖҮНІС
06 маусым 2026 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 249
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 793

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930