» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Оқушылардың жазғы тынығу лагерімен қамтамасыз ету барысы бойынша Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және тынығу лагерьлерімен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді.

Отырыста жазғы сауықтыру науқанын ұйымдастыру барысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лагерьлердің дайындығы, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларды демалыспен қамту мәселелері жан-жақты қаралды.

Жауапты мекеме өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, жазғы кезеңде балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге бағытталған іс-шаралар жоспарын таныстырды. Сонымен қатар, комиссия мүшелері лагерьлердің материалдық-техникалық базасы мен санитарлық талаптардың сақталуына ерекше назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

02 маусым 2026 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930