» » ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР

Бірде Байқоңыр қаласына ағамның үйлену тойына бардым. Тойдың дәл қызған шағына келгенде асаба жігіт қолына микрофонын алып, «өңіріміздің өнерлі бишілерін ортаға шақырамыз» деп хабарлады. Әдеттегідей «топ қыздардың» биі шығар деп мән бермегенмен, ортадағы көрініс мойын бұрғызбай қоймады.
Ортада жас шамалары 18-20 жасты құрайтын, үстерінде грузиндердің ұлттық киімін киген бір топ бала, «қаз қатар» тізіліп, өздерінің билейтін әуендерін күтіп тұр екен. Әуен қосылып та кетті, ортада дөңгелене билей жөнелген жігіттер жиылған жұртты таңдай қақтырды. Қимылдары ширақ әрі жылдам. Тіпті көз ілеспейді. Барлығы сол балалар билеп жатқан ортаға жиналып, қоршап бейнежазбаға түсіруде. Ал, жігіттер бір-біріне кезек беріп, өнерін ортаға салды. Құдды теледидардан көріп жүрген бишілер тәрізді. Осындай биден кейін, жұрттың билеуге «ынтасы» оянғандай көрінді бізге.
Той аяқталуға таянғанда, сыртқа шығып, «биші жігіттерді» іздей бастадым. Ондағы ойым сұқбаттасып, олардың қала халқы ғана білетін өнерін, аудан тұрғындарына да таныстыру еді. Бірақ, ойлағаным жүзеге аспады, олар сол бір биден кейін-ақ, екінші тапсырысына кеткен екен.
Содан туыс пен таныс жағалап жүріп, жігіттердің жетекшісі Иса Кәрімовтің телефон нөмірін тауып, сөйлесу бұйырды.
- Біз 2015 жылдан бері жұмыс істейміз. Тобымыздың аты «Аркан». Тобымда 30 шәкіртім бар. Екі топ жұмыс істейді, үлкен және кіші. Үлкен топқа 15 жастан 22 жасқа дейінгілер қабылданса, кіші топқа 4 жастан бастап қабылдаймын. Өзім Ресей Федерациясындағы Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы «Лезгинка» мектебінде 3 жыл білім алып, «кәсіби биші» атандым. Қазіргі күні жетекшілікпен қатар, Байқоңыр қаласындағы Мәдениет үйінде хореограф болып жұмыс істеймін. Тек Тау халқының билерін ғана үйретемін. Үйірмені бітіргеннен кейін арнайы сертификат беріледі. Шәкірттерім түрлі жарыстан топ жарып, аудандық, қалалық байқаулардан жүлделі орындар алып жүр,- дейді ол.
Жас та болса, бас болып өзінің білгенін өзгеге үйретуден жалықпайтын хореограф әлі де болса үйретерінің көп екенін айтады. Шәкіттерінің болашақта алар асуы мен олардың талантына зор сеніммен қарайды.
- Бұл биді жай би деп қарауға болмайды. Биде тұтас тау халқының мәдениеті мен тарихы бишілер қимылы арқылы суреттелген. Байыппен қарап отырсаңыз, қызуқандылық та байқалады. Сондықтан оны әуелі жаныңмен сезіне білуің керек,- дейді кәсіби биші.

Түйін:
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы. Десе де, екінің бірінің қолынан келе бермейтін бишілік өнерді өмірімен байланыстырып жүрген жастар аз-маз. Соның ішінде – жігіттер қауымы. Болашағынан зор үміт күттіретін өрендерге сәттілік серік болғай!
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
08 шілде 2018 ж. 2 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031