Құрылтай
» » ЕЛДІ МЕКЕН КЕЛБЕТІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ЕЛДІ МЕКЕН КЕЛБЕТІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК


Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қармақшы ауданында елді мекендердің тазалығы мен көркейту бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді.

Осы ретте аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов аудан әкімінің тапсырмасымен Ақжар, Алдашбай ахун және Дауылкөл ауылдық округінде болып, абаттандыру жұмыстарының жай-күйін бақылады.

Көше бойларының тазалығы, әлеуметтік нысандар аумақтарының реттелуі, көгалдандыру және санитарлық тазалық шаралары назарға алынды. Сонымен қатар тұрғындар көп шоғырланатын қоғамдық орындардың қазіргі жағдайы да қаралды.

Шыңғыс Әбділәмитұлы ауылдардың көркі мен тазалығы әр тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігі екенін айтып, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасуы қажет екенін ескертті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

31 мамыр 2026 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31