» » ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА


Қармақшы ауданында елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда. Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбектің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі тазалық және көркейту жұмыстарын аралады.

Жұмыс сапары барысында ауылдағы әр көшенің санитарлық жағдайы, қоғамдық орындардың тазалығы, әлеуметтік нысандар аумағы мен абаттандыру жұмыстарының барысы бақылауға алынды. Сонымен қатар көгалдандыру, шөп шабу, әктеу, сырлау және тұрғындар көп шоғырланатын орындардың жағдайы тексерілді.

Шыңғыс Әбділәмитұлы елді мекен әкімдеріне абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізіп, жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 мамыр 2026 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30