» » ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде оқу жылының аяқталуы, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Жиын басында аудан әкімі аудандағы кадрлық өзгерістермен таныстырды. Аудан әкімінің өкімімен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына Ғарышбек Бауыржанұлы Нысанбаев тағайындалғанын хабарлап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Мәжілісте аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков оқу жылының аяқталуы мен балалардың жазғы тынығу демалысын ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

– Болашақ елдің тұтқасына айналатын балаларымыз бүгіннен бастап ұқыптылықты, қарапайымдылықты, мәдениеттілікті бойына сіңіріп өсуі тиіс, – деді Жандос Еркінбек.

Жиында балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Аудан бойынша 29 мектепте мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерьлері жұмысын бастайтыны айтылып, қауіпсіздік пен санитарлық талаптарды сақтау міндеттелді.

Сондай-ақ жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі көтерілді. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен кент және ауылдық округ әкімдеріне шомылуға тыйым салынған орындарда рейд жұмыстарын күшейтіп, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Жандос Еркінбек: «Бүгінгі қаралған мәселелер өте өзекті және бірінші кезектегі назар аударуды қажет етеді. Әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кемшіліктерге жол беруге мүлдем болмайды»,- деп барлық жауапты сала басшыларына жүктелген тапсырмаларды сапалы әрі уақытылы орындауды міндеттеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

27 мамыр 2026 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 836

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930