» » ӘСКЕРИ - ДАЛАЛЫҚ ОҚУ ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ

ӘСКЕРИ - ДАЛАЛЫҚ ОҚУ ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ


Қармақшы аудандық білім бөлімінің №109 орта мектебінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша ұйымдастырылған 5 күндік оқу-дала жиынының жабылу салтанаты өткізілді.

Оқу-дала жиынының басты мақсаты оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптастыру, теориялық білімдерін практикада бекіту, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту. Жас ұрпақты Отан қорғауға дайындау, патриоттық рухта тәрбиелеу және әскери тәртіпке баулу. Жастарымыздың бойында ел қорғаудың қасиетті борышы туралы жоғары сана мен терең түсінік қалыптастыру.

Жабылу салтанатына Қармақшы ауданының қорғаныс істері бөлімінің басшысы Бекмурзаев Жандос Серікұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Сейілбек Төлепбергенұлы, АӘТД пәнінің бірлестік жетекшісі Серік Төреев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қыдырбек Сәденов, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Алмат Садықов және 10-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында мемлекеттік Әнұран орындалып, Мемлекеттік Ту енгізілді.

Жиын барысында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Алмат Садықов оқушыларды сапқа тұрғызып, саптық дайындық элементтері көрсетілді. 10 сынып оқушылары Жақсылықов Нұрислам АК-74 оқу қаруын жартылай бөлшектеп жинап көрсетті. Әлжанов Мейіржан оқжатарды жинап көрсетсе,Наурызбай қорғаныш киімін кию тәсілдерін көрсетті. Шара барысында 11-сынып оқушысы Кәрібаев Асылжан мен 7-сынып оқушысы Өмірсерік Бақдәулет «Алға, Қазақстан» әнімен шараны қорытындылады.

25 сәуір 2026 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 966
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 600

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930