» » ӘСКЕРИ-ДАЛАЛЫҚ ОҚУ ЖИЫНЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ӘСКЕРИ-ДАЛАЛЫҚ ОҚУ ЖИЫНЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Жосалы кентіндегі Қармақшы ауданының мектептері базасында өтіп жатқан алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша 5 күндік оқу-дала жиынының барысына кезекті тексеру жүргізілді.

Тексерудің басты мақсаты — оқушылардың теориялық білімдерін практикада меңгеру деңгейін бақылау және жиынның бекітілген оқу бағдарламасына сәйкестігін қадағалау.

Оқу-дала жиынының барысын бақылауға Қармақшы ауданының қорғаныс істері бөлімінің басшысы подполковник Бекмурзаев Жандос Серікұлы,
аудандық білім бөлімінің әдіскері Сейілбек Төлепбергенұлы арнайы келді.

Тексеруші топ АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларымен бірге оқу-жаттығу алаңдарын аралап, сабақтардың сапасын тексерді.

Қорғаныс істері бөлімінің басшысы подполковник Ж.Бекмурзаев жиынның өту тәртібін, оқушылардың күн тәртібін сақтауын және қауіпсіздік техникасының орындалуын жіті қадағалады. Ол жас сарбаздармен кездесу барысында әскери тәртіптің маңыздылығын атап өтіп, оқушылардың белсенділігіне ризашылығын білдірді.

24 сәуір 2026 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30