» » ҚАРМАҚШЫДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ


Жыл сайын көктем-күз айларында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында елді-мекендерде кенелерге қарсы арнайы мекемелермен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Осыған орай бүгін аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың қатысуымен ауданда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды.

Биыл аудан бойынша 3 елді мекен эпидемиологиялық тұрғыдан қолайсыз ауыл қатарына белгіленіп отыр. Осыған байланысты бұл аумақтарда тиісті шараларды күшейту, санитарлық тазалықты сақтау, аула мен мал қораларын ретке келтіру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетсек, залалсыздандыру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес 22–28 сәуір аралығында бірінші кезең, екінші кезең 30 сәуір мен 6 мамыр күндері «Ципертрин» дәрмегімен жүргізіледі.

Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының тиімділігі ең алдымен тұрғындардың тазалықты сақтауына байланысты. Осыған орай аудан тұрғындарына үй аулалары мен мал қораларында тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеміз!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 сәуір 2026 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30