Құрылтай
» » Қармақшыда кенеге қарсы іс-шаралар атқарылуда

Қармақшыда кенеге қарсы іс-шаралар атқарылуда


Жыл сайын көктем-күз айларында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында елді-мекендерде кенелерге қарсы арнайы мекемелермен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Осы орайда, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Айдын Серікұлының төрағалығымен Конго-қырым геморрагиялық қызбасына қарсы көшпелі жиын өткізілді. Жиынға облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасынан Б.Садықов қатысып, саптық қарау өткізілді.

Жалпы аудан аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошағында қоныстанған аудан тұрғындарын қорғау жөніндегі шараларды жүргізу мақсатында арнайы мекеме кент, ауылдық округтерде кестеге сәйкес кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын бастады.

Осы ретте залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмес бұрын әрбір тұрғын мал ұстайтын қораларына санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу үшін алдын ала дайындап қою керектігін ескертеміз.

Сонымен қатар механикалық тазарту жұмыстарының қорытындысында арнайы топ елді мекендерді аралап мониторинг жүргізетін болады.

13 мамыр 2024 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 449
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 953

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031