» » Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының басталғандығын ескертеміз!

Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының басталғандығын ескертеміз!

Қызылорда облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Биылғы 2026 жылға Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан қолайсыз аймақтар ретінде 74 елді мекен облыстың барлық аудандары және Қызылорда қаласы бойынша есепке алынды. 2026 жылдың 9 сәуірінен бастап мамыр-маусым айларында 2 кезеңмен облыс көлемінде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүрзіледі. Ауылшаруашылығы жануарлары, мал қораларына, суат-шаңлақтарға залалсыздандыру препараттарымен өңдеу жеке кәсіпкерлер - мердігерлер арқылы жүргізілсе, елді мекен айналасында санитариялық қорғаныш аймағын құру «Ұлттық сараптама орталығының» Қызылорда облыстық филиалы мамандарымен жасалады.

Осы ретте тұрғындарға берілетін кеңес:

•өңдеу алдында қыстан жиналған қорадағы қи-көңді тазартып, арнайы белгіленген полигондарға елді мекеннен сыртқы аймаққа шығару қажет. Себебі аурудың табиғаттағы тасымалдаушысы болып табылатын иксодты кенелер қи-көңнің астында қорексіз жылдап тіршілік етіп, қауіп төндіреді. Механикалық тазарту жұмыстары жүргізілмеген аумақтарда зақымданған кенелерді жою мүмкіндігі төмендейді, сәйкесінше дәрілеу жұмыстарының тиімділігі әлсірей түседі.

•қолайсыз аймақ тұрғындары жауапкершілік танытып, залалсыздандыруды жүргізуші мердігерлермен қоралар мен малдардың түгел әрі сапалы дәріленуін қадағалау;

•Кенеге қарсы өңдеу кезеңінде ауылшаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер, тұрғындар санитариялық-ветеринариялық қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн.
13 сәуір 2026 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 868
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 531

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930