Құрылтай
» » «КИБЕРНАДЗОР» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 115 САЙТ БҰҒАТТАЛДЫ

«КИБЕРНАДЗОР» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 115 САЙТ БҰҒАТТАЛДЫ

Өңірде қоғам саулығына тікелей қауіп төндіретін есірткіге қарсы күрес жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Осы ретте өңірде атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесіз емес. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Біржан Багисовтың айтуынша, құқық қорғау органдары бұл бағытта кешенді әрі нақты шараларды қолға алған.

-Облыс орталығында полиция қызметкерлері күнделікті көпқабатты үйлердің аулалары, гараждар мен құрылыс нысандарын тексеріп, жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы тұрақты бақылау жүргізуде. «Amanat» партиясының өкілдерімен бірлесіп есірткі жарнамасы бар 20 граффити жойылды. Нәтижесінде мұндай заңсыз жазулардың саны азайды. Сонымен қатар, «Кибернадзор» жүйесі арқылы синтетикалық есірткіні жарнамалаған 115 сайт бұғатталды. Қазіргі уақытта іздеудегі қылмыскерлерді анықтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Жергілікті бюджет есебінен тұрғындардың нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында 210 профилактикалық іс-шара өткізілді, - деді Біржан Бабырұлы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттерін анықтау және қылмыстық жолмен алынған қаражаттарды заңдастыру деректерін әшкерелеу бағытында кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

09 сәуір 2026 ж. 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31