» » 26 маусым – халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні

26 маусым – халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні


Бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі — нашақорлықпен күрес. Қазіргі таңда есірткіге қарсы күрес жүргізу үшін жауапты мамандар аянып қалып жатқан жоқ. Қоғам дертін ауыздықтау мақсатында ұйымдастырылған үгіт-насихат жұмыстарын облыстық полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ардақ Дүненов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында БАҚ өкілдеріне баяндап берді.

- Жыл басынан Қызылорда облысы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп есірткі жарнамасы бар граффитилерді жою бойынша акциясы өткізілді. Одан бөлек қаладағы әртүрлі мөлтек аудандарда орналасқан ғимараттардың қабырғаларынан 50-ден астам граффити-жазулар жойылды. Әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 110 сайт енгізіліп, оларды бұғаттауға ұсыныс берілді,- деді Ардақ Әбішұлы.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл облыста нашақорлық диагнозымен есепке алынған азаматтар саны азайған. Сондай-ақ, биыл алғаш рет дәл осы диагнозбен ешқандай жасөспірімнің тіркелмегені анықталды.

- Өткен жылы облыстық психикалық денсаулық орталығында 428 науқас, ал биыл 447 науқас емделіп шықты. Бүгінде облыс тұрғындарына наркологиялық қызметті Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы құрамындағы 190 төсек орынға арналған тәуліктік және 10 төсек орынға арналған күндізгі стационар, 4 БМСК ұйымдарындағы психикалық денсаулық орталықтары, Байқоңыр қаласы мен аудандардағы 8 наркологиялық кабинеттер көмек көрсетеді. Біз де өз тарапымыздан тұрақты түрде есірткі, психотроптық заттар мен алкогольді тұтынуға жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіп отырамыз,- деді облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Аман Тұрсынов.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 маусым 2024 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930