Конституция
» » 9 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылады

9 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылады


9 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронтальды жүйелердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Әсіресе солтүстік өңірлерде, сондай-ақ түнгі уақытта батыс пен солтүстік-батыста кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік-батыс аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласуы ықтимал.
Ал Қазақстанның шығысында антициклон жотасының ықпалы байқалып, бұл өңірде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Жалпы республика бойынша бірқатар қолайсыз метеоқұбылыстар күтіледі. Атап айтқанда, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде дауыл тұрып, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Сонымен қатар бірқатар аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады. Атап айтқанда, Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысы мен батысында, Алматы және Жетісу облыстарының жекелеген бөліктерінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері күннің суытатынын да ескерткен еді.
Еске сала кетейік, кеше еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді.

09 сәуір 2026 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 924

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031