» » 27 тамызға арналған ауа райы болжамы

27 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 27 тамызға арналған ауа райы  болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады, бұршақ түседі деп болжанады. Еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түссе, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Ақтөбе өңірінің орталығында, батысында, оңтүстігінде,  Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. 
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 
27 тамыз 2023 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930