» » «ӘДІСКЕР LIFE– 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ӘРІПТЕСІМІЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

«ӘДІСКЕР LIFE– 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ӘРІПТЕСІМІЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ


«Көкжиек-Горизонт» баспасы және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы 3 сәуір күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының әдіскерлері арасында өткен І-ші Республикалық «Әдіскер Life» байқауын өткізді.

Республикалық байқау ережесі бойынша ұзақтығы 1 минутқа дейінгі қысқа бейнеролик ұсынып, онда өз қызметі, жұмыс әдістері, мақсаты және атқарылған жұмыстың нәтижесі, білім берудегі инновациялық тәсілдері және заманауи әдістермен бөлісіп, бейнероликке баяндау қажет.

Қазақстанның әр өңірінен білім беру саласының әдіскерлері мен мамандарының басын қосқан «Әдіскер Life – 2026» кәсіби байқауы өз мәресіне жетті.

Республика бойынша жеңімпаз болған 4 әдіскердің ішінде Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Қосанова Айгүл Әлібекқызы «Креативтілік үшін» номинациясымен арнайы дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаз атанған әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

07 сәуір 2026 ж. 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930