» » ЖАҢА АТА ЗАҢҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖАҢА АТА ЗАҢҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен еліміз үшін тарихи маңызды 2026 жылғы референдум нәтижелері талқыланған актив отырысы өтті.

15 наурызда халқымыз жаңа Конституцияға қатысты белсенді түрде дауыс беріп, еліміздің болашағын айқындады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата Заңға және «Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Енді Конституция күні 15 наурызда мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі.

Тағылымды шарада аудан әкімі: «Жаңа Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді,аумақтық тұтастығымызды сақтайды. Азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Референдумға Қармақшы тұрғындары да белсенді қатысып, берекелі бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетті.
Бұл Сіздердің елімізде болып өткен үлкен саяси науқанда жауапкершілік танытып, жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан жұмыстарыңыздың нәтижесі» – деп атап өтті.

Мәжілісте республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу барысында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды. Олардың ішінде ҚР Президентінің «Алғыс» хаты, ҚР Парламент Мәжілісінің және облыс әкімінің «Алғыс» хаттары табысталды.

Сондай-ақ жиында аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов сөз алып, саяси науқанға белсене қатысқан азаматтарға өз тілегін білдірді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

31 наурыз 2026 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30