» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ


Бүгін Қармақшы ауданының ардагерлерінен құралған делегация Сыр елі - Қызылорда қаласында болып, аймақтағы жаңа нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен делегация «Отбасы орталығы» жұмысымен танысты. 2023 жылы облыстың 85 жылдық мерейтойы мен қала күні аясында облыс әкімінің қатысуымен салтанатты түрде ашылған. Облыстық бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінген орталықта жастарға отбасын жоспарлау, әлеуметтік қолдау көрсету, неке қию рәсімдерін өткізу бағытында кешенді қызметтер ұсынылады.

Одан кейін «Достық үйі» жаңа ғимаратының құрылыс барысы таныстырылды. Жалпы құны 3,7 млрд теңгеден асатын бұл нысан этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған заманауи орталық болмақ.

Келесі кезекте делегация 2024 жылы пайдалануға берілген Қорқыт ата әуежайы жаңа терминалын көрді. Жоба құны 20,9 млрд теңгені құрайтын нысан сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы. Заманауи терминалда ішкі және халықаралық рейстерге арналған барлық жағдай жасалған.

Сапар барысында делегация «Сыр жұлдыздары» академиясы жұмысымен де танысты. Құны шамамен 11 млрд теңгені құрайтын бұл орталық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамытуға арналған. Мұнда робототехника, өнер, спорт және технология бағыттары бойынша түрлі үйірмелер жұмыс істейді.

Сапар барысында ардагерлер аймағымызда жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларға оң бағасын беріп өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 наурыз 2026 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 875
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 534

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930