» » Үй жағдайындағы бет күтімі

Үй жағдайындағы бет күтімі

Үй жағдайындағы бет күтімі
Әдемі көріну үшін бет күтімі міндетті түрде қажет. Бет терісінің күтіміне немқұрайлық танытпау керек. Дүкен сөрелерінен сатылып алынған маска, кремдер бет терісінің үстіңгі эпидермис қабатына ғана сіңіп, беттің тонусына жауап беретін астыңғы қабаттарына жетпей қалады. Сондықтан сіздерге үй жағдайында бет күтімі туралы кеңестер ұсынамыз.
Төмендегі маскалардың бет терісіне еш зияны жоқ. Тек кешкілік 15-20 минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті.
Көк шайдан жасалған лосьон: 1 шай қасық көк шайға, 2 тамшы эфир майын немесе раушан гүлі майын тамызып, жауып қоясыз. Бір тәуліктен кейін стаканмен ыстық су құйып, 40-45 минутқа тұндырасыз. Дайын болған тұнбамен таңертең, кешке бетіңізді сүртіп отырыңыз. Лосьонды 2-3 күнге дейін тоңазытқышта сақтауға болады.
Қырыққабаттан жасайтын маска: негізі қырыққабат жапырақтары калий, магний, С дәруменіне бай.
Құрғақ тері. Салқын суға жуылған қырыққабат жапырағын бетіңізге жапсырып қоюға болады. 15-20 минуттан соң алып тастайсыз.
Майлы тер: Қырыққабат жапырақтарын үккіштен өткізіп, оған жұмыртқаның ағын араластырып, бетіңізге жағасыз, 15-20 минуттан соң жылы сумен жуыңыз.
Алма маскасы: Алма құрамында С, В, дәрумендері, аминқышқылдар, флавоноидтар, минералды тұздар, микроэлементтер жетерлік. Олар адам терісіндегі қызыл бөртпелерді жоюға, тері қабатының тұрақтануына септігін тигізеді.
Жасартатын маска. Үккіштен өткізілген алманы 1 стакан ыстық сүтпен араластырып, бетіңізге жағып, 20 минут көлемде ұстайсыз.
Ағартатын маска: үккіштен өткізілген алмаға жұмыртқаның ағын және аз мөлшерде крахмал қосып, бетіңізге жағасыз да, шамамен 20-25 минуттан соң, жуып тастайсыз.
Картоптан маска: Картоп С,В1, В2, РР, К дәрумендеріне бай. Беттегі бөрткеннің ушығуын тоқтатады, теріңізді қалыпқа келтіре отыра, ағартады, әжімдерді жояды.
Сезімтал теріге арналған лосьон: Таза, құрғақ теріңізді картоп шырынымен сүртсеңіз, әсері мол.
Ағартатын маска: картопты тазалап, үккіштен өткізіп, бірнеше тамшы өсімдік майын, 1 ас қасық сүт қосып, араластырып, бетіңізге жағасыз да, артынша 15-20 минуттан соң, жуып тастайсыз.
Лимон: Сезімтал терілерге өте пайдалы. Беттің ағаруына, ажарының кіруіне тигізетін әсері мол. 1 лимонды тоңазытқышта сақтап, 2-3 рет жасауға жеткізуге болады. Жуылған лимонның 1-2 тілім кесіп алып, бетіңізге шырынын жағасыз. 20 минуттан соң, жылы сумен жуасыз.
Құлпынайдан маска: 3 түйір құлпынайды (клубника) езіп, бетіңізге жағасыз. Теріде 10 минут қалдырып, сосын сумен шайып тастайсыз. Құлпынайда С дәрумені бар, ол теріні жақсы тазартады.  
03 шілде 2018 ж. 1 624 1

JeaCold от 13 ақпан 2019 17:15
Viagra Soft For Sale On The Internet Abuso De Kamagra cialis Viagra 100 Mg For Sale Lasix Generic Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 155

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930