» » ТүркПА байқаушылары: референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жоқ

ТүркПА байқаушылары: референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жоқ


Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясының байқаушылар құрамына кіретін Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының мүшесі Осман Местен миссия мүшелері Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы 115 сайлау учаскесіне барғанын айтты.

«Миссия байқаушылары барлық процесс кәсіби, өте жоғары деңгейде өтті деген қорытындыға келді. Дауыс берушілерге қажетті ақпарат толық ұсынылды. Біздің тарапымыздан референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Миссия мүгедектігі бар азаматтар үшін қабылданған шараларды оң бағалайды. Сондай-ақ халықаралық байқаушылардың жұмыс істеуіне арналған Қазақстандағы құқықтық жағдайға жоғары баға береді. Миссия 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдум Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес өткізілді деген қорытындыға келді», – деді спикер Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында.
16 наурыз 2026 ж. 136 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 078
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031