» » Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары

Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары


Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының басшысы, Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумды дайындау және өткізу барысын бақылау нәтижелері туралы хабардар етті. Оның айтуынша, миссия құрамында ШЫҰ-ға мүше 7 мемлекеттен аккредиттелген 17 бақылаушы жұмыс істеді.

«Миссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына және ел қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өткенін атап өтеді. Миссия референдумның заңдылығына күмән келтіретін немесе оның нәтижелеріне әсер етуі мүмкін ұлттық заңнама нормаларының бұзылуын тіркеген жоқ. Миссия республикалық референдумды ашық, сенімді және демократиялық деп таниды. Миссия референдум Қазақстан Республикасындағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам болды деп есептейді. Біздің миссия жұмысының қорытындысы бойынша мәлімдеме қабылданды, ол миссияның барлық мүшелері тарапынан мақұлданды. Мәлімдеме мәтіні белгіленген тәртіппен Орталық референдум комиссиясына жолданып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады», – деді спикер.
16 наурыз 2026 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930