» » Орталық мамандары референдумды қолдайды

Орталық мамандары референдумды қолдайды

Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығының ұжымы Мемлекет басшысының 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы шешімін қолдайды.
Әлеуметтік сала мамандары үшін елдің дамуы азаматтардың пікірі мен қатысуына негізделуі аса маңызды. Референдум – мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогтың тиімді құралы, әр қазақстандықтың болашаққа қатысты шешім қабылдауға тікелей атсалысу мүмкіндігі.
Күнделікті отбасылармен жұмыс істей отырып, біз тұрақтылықтың, әлеуметтік әділеттіліктің және мемлекеттік институттарға деген сенімнің қаншалықты маңызды екенін айқын сезінеміз. Азаматтардың маңызды мемлекеттік шешімдерге қатысуы отбасылардың әл-ауқатына, балалардың болашағына және жалпы қоғамның дамуына тікелей ықпал етеді.
Орталық мамандары алдағы референдумды демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп бағалайды. Қазақстандық отбасылардың өмір сапасын жақсартуға арналған бастамаларды толық қолдай отырып, азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз.
Еліміздің ертеңі – әрқайсымыздың жауапкершілігімізде.
21 ақпан 2026 ж. 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930