» » АМАЛ КЕЛДІ, ЖЫЛ КЕЛДІ!

АМАЛ КЕЛДІ, ЖЫЛ КЕЛДІ!


Еліміздің бірлігі мен бауырмалдығын дәріптейтін асыл дәстүріміздің бірі - Амал мерекесі. Осыған орай бүгін 14 наурыз – Амал мерекесі қарсаңында ауданымыздың орталық алаңында мерекелік мәдени шара ұйымдастырылды. Тағылымды шара театрландырылған қойылыммен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Бұл мейрам – қыстан аман шығып, ағайын-туыс, жақындармен қауышып, ақжарма тілектер айтылатын ерекше мереке. Сондықтан тағылымды шарада мейрамның маңызы зор екені ерекше атап өтілді. Сондай-ақ халықтың бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасып, татулық пен бауырмалдықты дәріптейтін көрініс те көрсетілді.

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, ән мен жырдан шашу шашылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

14 наурыз 2026 ж. 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 078
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031