» » АМАЛ КЕЛДІ - ӘН КЕЛДІ, АНАЛАРДАН СӘН КЕЛДІ

АМАЛ КЕЛДІ - ӘН КЕЛДІ, АНАЛАРДАН СӘН КЕЛДІ


Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында тойланатын Көрісу күні – Амал мерекесінің қазақ халқы үшін орны ерекше. Халқымыз қытымыр қыстың кері шегініп, жер аяғы кеңіген сәтте жылдан жылға есен-сау жеткеніне шүкір айтып, алыстағы ағайынын іздеп, қауышатын болған.

Көрісу күні – қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық мейрамы. Көрісу – тек бір-бірімен сәлемдесіп, амандық сұрасу ғана емес, ата-бабадан қалған рухани байланыстарды нығайтатын ерекше дәстүр. Бұл күн – халықтың бір-бірімен бауырмалдығын арттыратын, жақындық пен татулықты нығайтатын мейрам.

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалына қарасты "Бәйтерек" бастауыш партия ұйымы мекеме қызметкерлері мен ұжым мүшелеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

"Амал келді – ән келді, аналардан сән келді!" атты шара аясында мекемелер араланып, әр ұжымға ізгі тілектер айтылып, ұлттық дәстүріміз ұлықталды.

Жылы жүздесу мен шынайы ықыласқа толы бұл күн бірлікті бекемдеп, берекені арттырды. Ата дәстүрге сай үлкендерге құрмет көрсетіліп, ақ бата берілді. Көрісу күні мейірім мен сыйластықтың, татулық пен ынтымақтың жарқын көрінісіне айналып, жүректерге жылулық ұялатты.
14 наурыз 2025 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 265
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 801

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930