Топ-баннер
Топ-баннер2
» » МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ - РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАМАСЫ

МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ - РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАМАСЫ

Байқоңыр қаласындағы №272 орта мектебінде «Мектеп кітапханасы – рухани тәрбиенің бастамасы» тақырыбында аудандық семинар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – мектеп кітапханасының білім мен тәрбие берудегі маңызын арттыру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және тәжірибе алмасу болды.

Семинар мектептің шығармашылыққа жаны құмар оқушылардың өлеңдері мен ертегі, әңгімелерін жариялайтын «Балалар әлемі» журналының тұсаукесерімен басталды. Журналдың тұсауын аудандық білім бөлімінің әдіскері Қосанова Айгүл Әлібекқызы кесіп, жас қаламгерлерге өз тілегін білдірді.

Семинар аясында бірқатар мазмұнды іс-шаралар өткізілді:

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Жұмантаева Жұлдызай оқушылармен бірге «Cinderella» ертегісі негізінде ашық сабақ ұйымдастырды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кушкимбаева Л.Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесі бойынша тағылымды сабақ өткізді.

Жасуланова Нұрайым «Жыр болып аққан ғұмыр» атты сыныптан тыс жұмыс өткізіп, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы мен мұрасын насихаттады.

Сонымен қатар Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» шығармасы желісі бойынша ерекше сахналық қойылым көрсетілді. Қойылым үштік одақ – ата-ана, мұғалім және оқушының бірлескен қатысуымен ұйымдастырылып, көрермендердің зор ықыласына бөленді.

Бастауыш сынып оқушылары арасында Шегебаева Индира қызықты әрі тартымды дебат өткізді.

Мектеп кітапханашылары Нурова Патшагүл мен Алькешова Ляззат кітапхана жұмысы аясында READx жобасын және «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» кітапханалық жұмыстарымен таныстырды.

Мектеп психологы Баймырзаева Анар қонақтармен психологиялық тренинг өткізіп, қонақтарға керемет көңіл күй сыйлады.

13 наурыз 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 616
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 403

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031