» » АУДАНДЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК АЛАҢЫ

АУДАНДЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК АЛАҢЫ


Төретам кентінде орналасқан №85 орта мектебінде 11 наурыз күні «Искусственный интеллект в устном народном творчестве» тақырыбында аудандық педагогикалық шеберлік алаңы өтті.

Шеберлік алаңы оқушыларға ауыз әдебиеті мен жасанды интеллекттің байланысын түсіндіру, ұлттық мұраны цифрлық ортада сақтау мен насихаттау, фольклорлық мәтіндерді талдау және жаңғыртуда ЖИ рөлін көрсету, сыни ойлау, зерттеу және шығармашылық қабілеттерді дамыту, дәстүрлі мәдениет пен заманауи технологиялардың сабақтастығын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Бағдарлама барысында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар және коучинг жұмыстарын өткізді.
Сонымен қатар шараның ерекшелігі конференция, тәжірибе алаңы.

Педагогика ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Ш.М.Майгельдиева  «Перспективные направления развития современной лингводидактики» және Ы.Алтынсарин атындағы ҰАО аға ғылыми қызметкері В.Ж.Бекдаирова  «Интеграция ИИ в учебный процесс» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн баяндамаларын оқыды.

Педагогикалық шеберлік алаңы мұғалімдер мен оқушыларға тәжірибе алмасуға, ұлттық мәдениетті заманауи технологиялармен сабақтастыруға және білім беру сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік берді.

Шараға қатысқан барлық ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз.

12 наурыз 2026 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 172
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 735

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031