Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Елімізде 200 мың педагог ChatGPT Edu-ді пайдаланатын болады

Елімізде 200 мың педагог ChatGPT Edu-ді пайдаланатын болады

Енді мұғалімдердің жұмысына жасанды интеллект көмектесе бастайды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде шамамен 200 мың педагог ChatGPT Edu құралын пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бұл жүйе сабақ дайындау, тапсырма құрастыру және оқу материалдарын әзірлеу кезінде мұғалімдерге көмек көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Алдағы уақытта мұғалімдердің күнделікті жұмысына жаңа цифрлық құрал енгізіледі. ChatGPT Edu деп аталатын жүйе педагогтерге сабаққа дайындалуды жеңілдетуге арналған. Бұл құрал арқылы мұғалімдер бірнеше минут ішінде сабақ жоспарын жасап, тесттер мен түрлі тапсырмалар құрастыра алады. Сонымен қатар оқу материалдарын оқушылардың білім деңгейіне қарай бейімдеуге мүмкіндік туады.
Жоба аясында OpenAI компаниясы елімізге 100 мың лицензия бөлмек. Оның ішінде 5 мың лицензия мектепке дейінгі ұйымдарға, 85 мың лицензия орта білім беру ұйымдарына, ал 10 мың лицензия колледждерге беріледі. Жылдың екінші жартысында лицензиялар қайта бөлініп, тағы 100 мың педагогке қолжетімді болады. Осылайша жалпы саны 200 мың мұғалім жасанды интеллект құралын пайдалана алады.
Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, әр мұғалімнің өз «ақылды ассистенті» болады. ChatGPT Edu мұғалімдерге сабақ жоспарын дайындауға, түрлі тапсырмалар мен тесттер құрастыруға, сондай-ақ оқу материалдарын әртүрлі деңгейдегі оқушыларға бейімдеуге көмектеседі. Сонымен қатар педагогтер тапсырмаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірлей алады.
«ChatGPT Edu мұғалімдерге күнделікті жұмысты жеңілдетуге көмектеседі. Мысалы, бірнеше минуттың ішінде сабақ жоспарын дайындауға, түрлі тапсырмалар мен тесттер құрастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу материалдарын әртүрлі деңгейдегі оқушыларға бейімдеп жасауға болады. Мұғалімдер тапсырмаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірлей алады. Сабақ барысында да бұл құрал пайдалы болмақ. Ол күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіруге, өмірден алынған мысалдарды қолдануға көмектеседі. Сондай-ақ сабақтарды талқылау, бірлескен жобалар немесе зерттеу жұмыстары форматында өткізуге мүмкіндік береді», делінген министрлік хабарламасында.
Жасанды интеллект жүйесі мұғалімдерге тек сабақ дайындауда ғана емес, оқушылардың жұмыстарын бағалау кезінде де көмек көрсетеді. Мысалы, бағалау критерийлерін құрастыруға көмектесіп, оқушылардың тапсырмаларын алдын ала талдай алады. Дегенмен соңғы бағаны қою құқығы мұғалімнің өзінде қалады.
Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі пилоттық жобаны ресми түрде іске қосуға дайындалып жатыр. Айта кету керек, биыл қаңтар айында Қазақстан OpenAI компаниясының Education for Countries халықаралық бағдарламасының алғашқы қатысушыларының қатарына енді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бұл жоба мемлекеттік бюджеттен немесе сыртқы гранттардан қаржыландырылмайды. Жоба жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады.
11 наурыз 2026 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031