» » 2026 жылдан бастап ChatGPT арқылы төлем жасауға болады

2026 жылдан бастап ChatGPT арқылы төлем жасауға болады

PayPal компаниясы OpenAI-мен серіктестік жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісімге сәйкес, 2026 жылдан бастап ChatGPT платформасында PayPal цифрлық әмияны арқылы төлем жасауға мүмкіндік беріледі. Мұны CNBC хабарды, деп жазады Egemen.kz.
Енді қолданушылар ChatGPT арқылы тауар сатып алып, PayPal арқылы бірден төлем жасай алады. Ал кәсіпкерлер өз өнімдерін осы платформада орналастырып, сата алады.
Келісім жарияланған соң PayPal акциялары 13%-ға қымбаттады. Компанияның бас директоры Алекс Крисс «Біздің жүздеген миллион қолданушымыз бар. Енді олар ChatGPT ішінде “PayPal арқылы төлеу” батырмасын басып, қауіпсіз әрі ыңғайлы төлем жасай алады» деді.
Айта кетсек, бұған дейін OpenAI өздерінің жасанды интеллектке арналған чиптерін шығара бастағанын хабарлаған болатын.
31 қазан 2025 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930