» » МЕЙІРІМ МЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

МЕЙІРІМ МЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

Алғыс айту күні – еліміздегі барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір-біріне ризашылық білдіретін, татулық пен достықты дәріптейтін мереке. Бұл күн алғаш рет 2016 жылы атап өтіліп, Қазақстан халқының бірлігі мен өзара құрметін нығайту мақсатында бекітілген.
Ал тарихы қиын-қыстау заманда бір-біріне пана болған, кеңпейілділік пен қонақжайлылық танытқан халқымыздың асыл қасиеттерін еске алатын күн. Қазақ халқы тарихтың талай сынағынан өткен. Сан түрлі ұлт өкілдері тағдыртәлкегімен қазақ жеріне қоныс аударғанда жергілікті халық оларды жатсынбай, бауырына басқан. Бір үзім нанды бөліп берген. Біздің ата-бабаларымызға Алла ерекше мінез, үлкен мейірімге толы жүрек берген. Қазіргі таңда егеменді елміз. Бұл күн алғыс айтып, асыл қасиеттер дарытып, жүректерді жақындатқан, адамдарды бір-біріне мейіріммен қарауға үндейтін ерекше мерекеге айналды.
Әрдайым бір-бірімізге рақмет айта жүрейік. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету парыз. Бейбіт елдің жас ұрпағы достық пен сыйластықты арттырайық. Қиын кезде бір-бірімізге қолдау көрсетіп, айналамыздағы барша жандарға алғыс білдірейік!
Абай СЕРІК,
№29 мектептің оқушысы, Тұрмағамбет ауылы
01 наурыз 2026 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930