» » Шиелі: «Семізбай-U» ЖШС ұжымымен Конституциялық реформа талқыланды

Шиелі: «Семізбай-U» ЖШС ұжымымен Конституциялық реформа талқыланды

Шиелі кентінде уран саласы қызметкерлерімен «Конституциялық реформа» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара Семізбай-U ЖШС ұжымының қатысуымен өтті.
Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары жан-жақты баяндалып, олардың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі маңызы атап өтілді. Әсіресе, қоғамдық диалогты дамыту, мемлекеттік басқаруда ашықтықты арттыру және халық пікірін ескерудің тетіктері кеңінен түсіндірілді.
Жиында Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлы сөз сөйлеп, реформалардың стратегиялық мәніне тоқталды. Сонымен қатар, қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы өзгерістердің мазмұны мен күтілетін нәтижелері туралы нақты ақпарат берді.
Шара соңында қатысушылар өз сауалдарын қойып, ашық пікір алмасты. Мұндай мазмұнды кездесулер азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, ел болашағына деген жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді.
25 ақпан 2026 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30