» » «Тәртіп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі» тақырыбында ашық диктант өтті

«Тәртіп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі» тақырыбында ашық диктант өтті

Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп қағидаты» аясында «Тәртіп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі» тақырыбында ашық диктант өтті.

Аталған шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тілдік сауаттылықты арттыру, қызметтік жауапкершілік пен тәртіп мәдениетін нығайту, сондай-ақ қазақ тілінің мәртебесін көтеру болды.

Іс-шараға облыстық басқармалар, департаменттер мен инспекциялардан 100-ден аса мемлекеттік қызметші қатысты. Қатысушылардың білім деңгейін жетілдірумен қатар, олардың кәсіби және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Шараның ашылуында басқарма басшысының орынбасары У.Ибраев сөз сөйлеп, «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудағы және қызметтік тәртіпті нығайтудағы мұндай бастамалардың рөліне ерекше назар аударып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ашық диктант мемлекеттік қызметшілердің тілдік мәдениетін дамытуға және кәсіби жауапкершілігін арттыруға оң әсерін тигізді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырылатын болады.
24 ақпан 2026 ж. 93 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930