» » САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ 139 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ 139 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ


Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жыл қорытындысын табысты нәтижелермен аяқтап, салықтық түсімдердің айтарлықтай артқанын мәлімдеді. Бұл өңірдегі кәсіпкерлік белсенділіктің жанданып, көлеңкелі экономиканың үлесі азайып, салықтық әкімшілендірудің тиімді жүргізілгенінің нақты дәлелі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында департамент басшысының орынбасары Асқар Елеманов 2025 жылдың қорытындыларына кеңінен тоқталды.

– Республикалық бюджетке салықтық түсімдер жоспары 118 пайызға орындалып, 2024 жылмен салыстырғанда түсім қарқыны 139 пайызды құрады. Ал жергілікті бюджет жоспары 109 пайызға орындалды. Жаңа кодекс аясында сараланған салық ставкалары енгізіліп, қосылған құн салығы реформаланды. «Сән-салтанат салығы» қарастырылып арнаулы салық режимдері оңтайландырылды. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін беру тетіктері нақтыланып, әкімшілендіру үдерісін цифрландыру және сервистік модельге көшу көзделді. Бұдан бөлек, салық есептілігінің нысандары 30 пайызға қысқартылды, – деді Асқар Сейдекәрімұлы.

Жаңа кодекс шеңберінде корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, акциздер, сондай-ақ мүлік пен көлік салықтарына қатысты өзгерістер қарастырылған. Арнаулы салық режимдері үш бағыт бойынша қайта жүйеленіп, салық төлеушілер үшін әкімшілік жүктемені азайтуға басымдық берілген.

- Қазіргі таңда өңірде жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде «Халық бухгалтері» республикалық акциясы аясында азаматтарға тегін консультациялық көмек көрсетіліп, кәсіпкерлерге әдістемелік қолдау ұйымдастырылуда. Жалпы алғанда 2025 жылғы 139 пайыздық өсім қаржы саласындағы жүйелі реформалардың, ашықтық пен жауапкершілікке негізделген басқару мәдениетінің нәтижесі. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары да өңір экономикасының қарқынды дамуына берік негіз болмақ, - деді Асқар Елеманов.
23 ақпан 2026 ж. 76 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930