» » Қазгидромет 16 ақпанға арналған ауа рай болжамын жариялады

Қазгидромет 16 ақпанға арналған ауа рай болжамын жариялады

Қазгидромет дерегінше, елдің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы құбылыстары күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, төменгі боран, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін күшейеді. Алматыда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, ал Қонаевта да тұман мен көктайғақ байқалып, жел екпіні 18 м/с дейін жетеді.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Түркістан облысында жаңбыр, таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі, оңтүстігінде найзағай болуы ықтимал, кей жерлерде тұман түсіп, жел 15–20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қар, боран, көктайғақ және тұман болжанып отыр, желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Қостанай облысында қар жауып, солтүстігінде қатты қар күтіледі, тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.
Қызылорда және Атырау облыстарында тұман мен көктайғақ болжанады, Атырау өңірінде жел 15–18 м/с дейін күшейеді. Жалпы, синоптиктер жолда сақ болуға және ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
15 ақпан 2026 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930