» » 22 желтоқсанда қар жауып, боран болады: синоптиктер ескерту жасады

22 желтоқсанда қар жауып, боран болады: синоптиктер ескерту жасады

Қазгидромет 22 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы дүйсенбіде елдің басым бөлігінде күн райы бұзылады.

Алматы және Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында көктайғақ, тұман болады. Қонаев пен Алматы қалаларында да түнде көктайғақ болып, тұман түседі.

Солтүстік Қазақстанда қыс қаһарына мінеді. Петропавлда және облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Көкшетауда және Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауып, боран болады. Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан және Абай облысында, Семей мен Өскеменде жаяу боран соғып, тұман түседі. Өңірлерде қар жаууы ықтимал, желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстанда және Оралда қар аралас жаңбыр жауып, жаяу боран мен көктайғақ болады. Тұман түсуі де мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде, Қызылорда, Тараз және Жамбыл облыстарында тұман мен көктайғақ болады. Таулы аймақтарда боран соғады.

Орталық және басқа аймақтарда, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Қостанай және Маңғыстау облыстарында тұман мен көктайғақ болады. Ақтауда күндіз көктайғақ болып, жел күшейеді. Жетісу облысында таулы аймақтарда қар жауып, Алакөл маңында қатты жел соғады.

Астанада 22 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Шымкентте 22 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады. Түркістанда 22 желтоқсанда тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Синоптиктер жолға шығарда абай болу керегін ескертті.

kaz.inform.kz
21 желтоқсан 2025 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 754
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 117

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 479

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930