» » Заң мен тәртіп

Заң мен тәртіп

Заң үстемдігі және заңның жалпыға бірдейлігі қағидаты негізінде санитариялық ережелерді бұзудың Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған әкімшілік және құқықтық жауапкершілік туралы

Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде (әрі қарай - Кодекс) белгіленген.

Кодекстің 425-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық үшн жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Ал адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік), егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –қызметін тоқтата тұрып не онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Кодекстің 462-бабының 3 бөлігіне сәйкес мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау – рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ж.Алипбаева,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бөлім басшысы 
09 ақпан 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 377
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 233

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728