» » МҰЗБАЛАҚ АҚЫННЫҢ ЖЫР ӘЛЕМІ

МҰЗБАЛАҚ АҚЫННЫҢ ЖЫР ӘЛЕМІ

АҚЖАР АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЗАҢҒАР ТҰЛҒАСЫ, АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ 95 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «МҰЗБАЛАҚ АҚЫННЫҢ ЖЫР ӘЛЕМІ» АТТЫ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ.
Бұл жыр додасының басты мақсаты – жас өрендердің поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркемсөз оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлы ақынның мол әдеби мұрасын жас ұрпақтың бойына сіңіру. Байқауға №28 мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысып, Мұқағали Мақатаевтың жүрекке жетер жырларын нақышына келтіре оқып, өз шеберліктерін ортаға салды.
Сайысқа №28 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанат Оңалбаева, «Рүстембек жырау» үйірмесінің жетекшісі Балтабай Бедебаев және №7 «Шаттық» балабақшасының тәрбиешісі Айнұр Асқарбаева төрелік етті. Қатысушылардың дауыс мәнері, сахна мәдениеті, көркем оқу шеберлігі қазылар тарапынан әділ бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша 7-сынып оқушысы Назым Рысбекқызы І орынды, ІІ орынды 8-сынып оқушысы Айзере Амангелді иеленсе, ІІІ орын 8-сынып оқушысы Аружан Мақымоваға бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының Алғыс хатымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бұл байқау жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған тағылымды шаралардың бірі болды.
Ақмарал ӘМІРАЛИЕВА,
Ақжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы
09 ақпан 2026 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930