» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ САПАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРМЕН ЕРЕКШЕЛЕНУДЕ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ САПАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРМЕН ЕРЕКШЕЛЕНУДЕ


Білім беру – ел дамуының негізгі тіректерінің бірі. Осы бағытта Қармақшы ауданында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нақты нәтижелерге қол жеткізілуде.

2024–2025 оқу жылында ауданда 14 928 оқушы білім алды. 766 мектеп бітірушінің 694-і, яғни 90,6 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Оның ішінде 54 түлек «Алтын белгі», 48 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды. ҰБТ қорытындысы бойынша 694 түлектің 147-сі 100 және одан жоғары балл жинап, аудан көрсеткішінің облыс көлемінде алдыңғы қатардан көрінуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар, облыс бойынша ең жоғары – 138 баллды Қармақшы ауданының 2 түлегі иеленді.

Білім беру инфрақұрылымын жақсарту бағытында да бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. 2025 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 216,9 млн теңге қаражат есебінен 3 орта мектепте, 1 бөбекжай-бақшада және 5 мектеп жанындағы спорт алаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысандар пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейдің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 245 млн 621 мың теңгеге 34 оқу кабинеті заманауи құрал-жабдықтармен толық жаңартылды.

04 ақпан 2026 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30