» » ШИЕЛІДЕ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР АРҚЫЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ҚАЛЫПТАСТЫ

ШИЕЛІДЕ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР АРҚЫЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ҚАЛЫПТАСТЫ


Қазіргі таңда Шиелі ауданында экономикалық ахуал тұрақты қалыптасып, негізгі көрсеткіштер бойынша оң өсім байқалуда. Бүгінде аудан бюджетінің көлемі 16,5 млрд теңгеге жетіп, өз кірістері 2022 жылмен салыстырғанда 170 пайызға артқан. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков мәлімдеді.

- Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан дамуының негізгі басымдықтары ретінде инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, салық базасын кеңейту, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету, көркейту-көгалдандыру және қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау бағыттары айқындалған. Осы мақсатта аудан экономикасына тікелей әсер ететін барлық негізгі көрсеткіштерде оң динамика қалыптасты. Жыл сайын жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың да саны артып келеді. Атап айтқанда, өткен жылы 10 ірі инвестициялық жобаны іске асыру басталды. Олардың қатарында «Тесис» ЖШС-ның қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясы, «VIGOR Holding» ЖШС-ның қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясы, «Эко Энерджи Плюс» ЖШС-ның «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автодәлізі бойында газ құю және сервистік қызмет көрсету кешені бар. Сондай-ақ, «Ақмая» шаруа қожалығының күріш ақтау зауыты, «Таң ЛТД» ЖШС-ның жүгері дақылдарын кептіру және терең өңдеу жобасы, «Transshipment 1» ЖШС-ның сұйық реагенттер қоймасы мен «Шиелі әк» ЖШС-ның жылына 1 млн тонна әк өндіретін зауыты бар. Аталған жобалардың бірқатары өз жұмысын бастап, қалғандары кезең-кезеңімен іске қосылатын болады,- деді Айтбай Насриддинұлы.
03 ақпан 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 354
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 212

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728