Құрылтай
» » ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЗЫНАШЫЛЫҒЫ: 2025 ЖЫЛДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЗЫНАШЫЛЫҒЫ: 2025 ЖЫЛДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ


Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаменті өткен жылы 903 мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік сатып алу жүйесіне, сондай-ақ білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры мен қаржылық және қаржылық емес қолдау операторларының шоттарына қызмет көрсетті. Одан бөлек, 700 мыңға жуық қаржылық құжат қабылданып, оның 665 мыңы өңделді. Ал 16 515 құжат ресми хат арқылы орындаусыз кері қайтарылды. Бұл туралы департамент басшысы Қалмұханбет Байсариев мәлімдеді.

- Жыл қорытындысы бойынша департаменттің кіріс және шығыс құжат айналымы 20 529 құжатты құрады. Өткен жылы департаментке және аудандық, қалалық қазынашылық басқармаларына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 99 өтініш келіп түсті. Барлық арыз-шағымдар заңнама талаптарына сәйкес уақтылы қаралып, тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар ҚР Тілдерді дамыту мен қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінде іс жүргізу толықтай мемлекеттік тілде жүзеге асырылды,- деді Қалмұханбет Сапарбекұлы.
02 ақпан 2026 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31