» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ


Ауа-райының өзгеруі мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты Қармақшы ауданының аумағындағы «Қаз-06 Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент» автожолының Ақжар ауылы тұсында жол-көлік оқиғасы орын алған болатын.

Бұл бағытта Қырғызстан Республикасынан Ресей Федерациясына жолаушылар тасымалдап келе жатқан автобус жол апатына ұшыраған. Автобуста болған 47 азамат шұғыл түрде аудан орталығы Жосалы кентіне жеткізілді.

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің тікелей тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдігі тарапынан жолаушыларға тегін жатын орын мен ыстық тамақ ұйымдастырылып, барлық қажетті көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жолаушылардың жағдайы қалыпты.

Көрсетілген қолдау мен қамқорлық үшін жолаушылар аудан әкімдігіне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 қаңтар 2026 ж. 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930