» » Жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілді

Жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілді

Kyzylorda-news.kz. Ақтөбе облысының аумағында қатты боран болуына байланысты кешеден бері республикалық маңызы бар М-32 "Самара-Шымкент" автомобиль жолының 1240-1357 шақырымы аралығы жабылған. Яғни, Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды.  Осыған орай Арал қаласынан 20 шақырым қашықтықта жол патрульдік полицияның 6 инспекторы 3 автокөлікпен «Самара-Шымкент» автомобиль жол бойын жауып жұмыс істеуде.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысына бағыт алған барлығы 807 автокөлік (584 жүк көлігі, 13 жолаушылар көлігі, 210 жеңіл көлік) және 1000-ға жолаушы тұрақталуда. Қазіргі таңда, жолдың жабық болуына байланысты аудан әкімдігі жанынан арнайы штаб құрылған. Жергілікті ерікті жастар, мекемелер және кәсіпкерлердің, білім саласы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жолаушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек, әйелдер мен балалар аудан орталығындағы Арал индустриалды-техникалық колледжінің жатақханасына орналастырылды.

Сонымен қатар,екі мезгіл медицина қызметкерлері жолаушыларды аралап денсаулығына байланысты зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Жолаушыларға арналған қызмет көрсету кешендеріндегі азық-түлік пен тамақ бағасы жергілікті әкімдіктің ұдайы бақылауында.
08 ақпан 2024 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930