» » Жол бойындағы жолаушылар басты назарда

Жол бойындағы жолаушылар басты назарда


Кешелі бері Ақтөбе облысының аумағында ауа райының қолайсыздығы туындап, боран болуына байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырымы аралығы толықтай жабылған болатын. Мұның салдарынан күре жолдың бойындағы қозғалысқа шектеу қойылып, жолаушылар жол бойы қызмет көрсету кешендерінде тұрақтауда.

Бүгінгі таңда Қармақшы ауданының аумағындағы күре жолдың бойында орналасқан «ОАЗИС», «Ақсарай» және «РАЙ» кешендерінде 144 жүк көлігі мен 58 жеңіл көлік 350-ге жуық адам тұрақтауда.

Бүгін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы жол бойындағы қызмет көрсету кешендеріне арнайы барып, жолда қалған жолаушылардың жағдайын білді.

Барлық кешендерде азық-түлік, дәрі-дәрмек және ауыз су толығымен жеткілікті. Қонақ үйлерде жолаушыларға қосымша резервтік жатын орындары қарастырылған. Ауданның кәсіпкерлері мен кешен басшылығы жолда қалған жолаушылардың бір түндік асын ұйымдастырып, автожол тұрақтары мен жатын орындарына тегін тұруға мүмкіндіктер жасауда.

Аудан аумағындағы қалған жолаушыларға толық бақылау қойылды. Сондай-ақ, аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар бөлімі мен жол полициясы қызметкерлері тарапынан жолаушыларға жолдың жабық екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

09 ақпан 2024 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930