» » АЙМАҚТА ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК

АЙМАҚТА ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК


Қызылорда облысында инновациялық экожүйені дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл үдерістің негізгі драйвері - Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы. Хаб өз қызметін бастаған уақыттан бері аймақтағы технологиялық бастамаларды қолдап, жастар мен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер алаңына айналды.
Бүгінгі таңда Kyzylorda Hub аясында 389 іс-шара ұйымдастырылып, оған 14 мыңға жуық адам қатысқан. Оның ішінде жасанды интеллект бағытына ерекше мән беріліп, 93 арнайы іс-шара өткізіліп, 1 752 қатысушы қамтылған. Бұл туралы Kyzylorda Hub жетекшісі Жанарыс Түбекбаев мәлімдеді.

- Алдағы кезеңде хаб қызметінің негізгі бағыты жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталады. «AI-Movement» концепциясы аясында мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпкерлерге арналған AI Bootcamp білім беру бағдарламалары ұйымдастырылады. Төрт күнге созылатын интенсивті оқу барысында қатысушылар генеративті жасанды интеллекттің негіздерін меңгеріп, өз қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік алады. Өңірлік стартаптарды дамыту мақсатында екі ірі бағдарлама іске қосылады. Оның бірі - Startup Joly преинкубация бағдарламасы. Бұл жоба технологиялық кәсіпкерлікке алғашқы қадам жасағысы келетін 16 жастан асқан барлық азаматтарға арналған. Бағдарлама идея сатысынан бастап MVP деңгейіне дейін жобаны дамытуға бағытталған. Ал Startup Orda инкубация бағдарламасы MVP кезеңіндегі жобаларды нарыққа шығарып, алғашқы сатылымға жеткізуді көздейді. Екі айға созылатын бағдарлама аясында қатысушылар 10 апта бойы семинарлардан өтіп, трекерлерден тегін консультациялық қолдау алады. Үздік жобалар республикалық венчурлық қорлар алдында инвестиция тарту мүмкіндігіне ие болады. Аталған бағдарлама Astana Hub халықаралық технопаркінің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылады,- деді Жанарыс Алтынбекұлы.
29 қаңтар 2026 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930