» » Неге айдың көйлегі жоқ?

Неге айдың көйлегі жоқ?


Ерте, ерте, ертеде,
Ерке әрі көрікті,
Аспан дейтін өлкеде,
Ай өмірге келіпті.
Жарқыраған жап-жарық,
Жаратылған ол қалай?
Өз-өзіне таңданып,
Таң-тамаша болған Ай.
Түнгі ызғарда тоңбай ма,
Жаурайды ғой жалаңаш.
Көйлек кисе болмай ма,
Бұлай әсте жарамас.
Ұяла ма ақ таңнан,
Ұяң еді ол себебі.
Жерге түсіп аспаннан,
Тігіншіге келеді.
– Мырза, айтарым бар еді,
Көрінейін Күндей боп.
Маған арнап әдемі,
Тігіп берші бір көйлек.
– Ия, берейін, кел,
сенің Көйлегіңді тігіп мен.
Тігінші алып өлшемін,
Дереу іске кіріскен.
Күндер өтіп арада,
Ай да сәтін күтеді.
Дайын болған шамада,
Жер бетіне түседі.
Кәсіпкерге боп па оңай,
Еңбек еткен бір тынбай.
Ал ақ көйлек... әттең-ай,
Айға мүлде тұр сыймай.
Тігінші айтты: «не дейін?»,
Қателестім, алайда.
Қайта тігіп берейін,
Өкпелеме, жарай ма!?
«Қате пішкем қалай?» деп,
Шебер басын шайқаған.
Шын қамығып, «Қап-ай!» деп,
Өлшеп алған қайтадан.
Күндер өтіп арада,
Ай да асығып күтеді.
Дайын болар шамада,
Жедел жерге түседі.
«Осы жолы шақ қой» деп,
Қиял кешкен керемет.
Аппақ қардай ақ көйлек,
Тар боп шыққан, не керек.
Міні жаман мінез бе,
Ашу әлде кек қысып.
Көп бөгелмей лезде,
Көкке қарай кетті ұшып.
Шебер басын шайқаған,
Шалыс басу мүмкін бе?
Шықты ол тігіп қайтадан,
Шыт көйлегін бір түнде.
Жұрт ұйқыда жатқанда,
Қуантпақ боп тосыннан,
Қарап бір сәт аспанға,
Шебер сұмдық шошынған.
Бұл не бәле тағы да,
Шардай шеңбер көлемді.
Басы ауған жағына,
Байғұс безе жөнелді.
Айқайлады Ай: «Мырзам-ай!»,
Бар ғой сенде аласым!
Тоқта! Мені тыңдамай,
Қайда қашып барасың?
– Кет, көрінбе көзіме,
Алаяқсың сен, білем!
Өтінсең де, өзіңе,
Көйлек тікпен енді мен.
Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
27 қаңтар 2026 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 311
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031