» » Ақыл жеңген күн

Ақыл жеңген күн

Бір ауылдың маңында қалың орман бар еді. Ол орманда түрлі жануарлар бейбіт өмір сүретін. Алайда соңғы кезде орман жануарлары адамдарға ренжи бастады. Себебі адамдар ағаштарды орынсыз кесіп, қоқыс тастап, табиғатты ластайтын болды. Осыған ашуланған бірнеше жануар  адамдардан кек алуды ойлады.
 Қасқыр, Түлкі және Қара қарға жиналып, кеңес құрды.
– Адамдарға сабақ үйрету керек, – деді Қасқыр ызамен.
– Оларды өздеріне зиян келтіретін жолға түсірейік, – деді айлакер Түлкі.
Олар адамдарды есірткі сияқты зиянды заттарға әуестендірсек, өздері әлсіреп, орманға да зиян тигізбейді деп ойлады. Қара қарға ауылға жаман әдеттерді жарнамалауға көмектеспек болды, ал Түлкі алдап-арбап, бұл  «зиянсыз» деп сендіргісі келді.
Алайда, бұл әңгімені ормандағы ең ақылды жануар – Ақбөкен естіп қойды. Ол көп оқыған, әрдайым ойланып әрекет ететін жануар болатын.
– Сендер қатты қателесіп отырсыңдар, – деді ол. – Есірткі адамдарды ғана емес, бүкіл табиғатты құртады. Адам әлсіресе, орманға да қауіп төнеді.
Ақбөкен дереу ауылға барып, зиянды заттардың адамға, отбасы мен табиғатқа тигізер қаупін түсіндірді. Белсенді оқушылар бұл үндеуді қолдап, мектепте есірткіге қарсы ауқымды шара  өткізді.
Осыдан кейін адамдар орманды қорғауға уәде берді, орманды қоқыстан тазарту жұмыстарын бастады. Қасқыр, Түлкі мен Қара қарға өз қателіктерін түсінді. Сол күннен бастап орманда бір заң қалыптасты: ақылмен шешілген іс қана жақсылыққа бастайды. Бұл оқиға бәріне сабақ болды.
Бекматов Аслан,
№121 орта мектебінің 6 «А» сынып оқушысы 
26 қаңтар 2026 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930