» » Сотқа талап арыз жолдау тәртібі

Сотқа талап арыз жолдау тәртібі

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексімен реттеледі және ол азаматтық істі қозғаудың негізгі құқықтық құралы болып табылады.
Талап қою жазбаша нысанда тиісті сотқа беріледі және онда соттың атауы, талап қоюшы мен жауапкердің толық деректері, талаптың мәні мен көлемі, талапты негіздейтін нақты мән-жайлар, оларды растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ соттан сұралатын талап қоюшының нақты өтініші көрсетілуі тиіс. Талап қоюға мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат, талап арыздың көшірмелері, өкіл арқылы берілген жағдайда сенімхат және талапты дәлелдейтін өзге де құжаттар қоса тіркеледі.
Талап қою соттылық қағидалары сақтала отырып берілген және заң талаптарына сәйкес рәсімделген жағдайда судья оны қабылдап, азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады, ал талап қоюда кемшіліктер болған кезде оларды жою үшін мерзім белгіленуі немесе арыз қайтарылуы мүмкін.
Е.Мәтжанов,
Қармақшы аудандық сот әкімшісінің басшысы 
19 қаңтар 2026 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30