» » ТАЛАП ҚОЮДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘРТІБІ

ТАЛАП ҚОЮДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘРТІБІ

Қазіргі уақытта азаматтар өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге жиі мәжбүр болады. Алайда талап қоюды дұрыс рәсімдемеу салдарынан көптеген өтініштер сотпен қабылданбай, кері қайтарылады немесе іс қозғаусыз қалдырылады. Сондықтан сотқа талап қою мен жүгінудің тәртібін білу – әрбір азамат үшін маңызды.
Талап қою – бұл азаматтың немесе ұйымның өз құқығының бұзылғанын немесе даулы екенін көрсете отырып, соттан оны қорғауды сұрайтын жазбаша өтініші болып табылады.
Талап қою әдетте жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Дегенмен заңда бірқатар ерекшеліктер көзделген. Мысалы, алимент өндіру, еңбек даулары, тұтынушылардың құқықтарын қорғау сияқты істер бойынша талап қоюшы өз тұрғылықты жеріндегі сотқа жүгінуге құқылы. Сондықтан талап қоюды бермес бұрын істің қай соттың қарауына жататынын нақты анықтау қажет.
Азаматтық процестік кодексіне сәйкес талап қоюда міндетті түрде соттың атауы, талап қоюшы мен жауапкердің аты-жөні және мекенжайы, талаптың мәні, яғни соттан не сұралатыны, талапты негіздейтін мән-жайлар мен дәлелдер, мүліктік талаптар бойынша талап бағасы, сондай-ақ қоса берілетін құжаттардың тізімі көрсетілуі тиіс.
Талап қою нақты, түсінікті және заң талаптарына сай жазылуы қажет, себебі талаптың дұрыс тұжырымдалмауы істің дұрыс қаралуына кедергі келтіреді. Талап қоюға белгілі бір құжаттар қоса тіркеледі. Олардың қатарында мемлекеттік баждың жергілікті бюджетке яғни кірістер басқармаларына төленгенін растайтын түбіртек, талапты дәлелдейтін құжаттардың көшірмелері, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі бар. Егер талап қою өкіл арқылы берілсе, заңды түрде рәсімделген сенімхат пен өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар тіркелуі қажет. Құжаттардың толық қоса берілмеуі талап қоюдың қайтарылуына себеп болуы мүмкін.
Сот тәжірибесінде талап қою беру кезінде жиі жіберілетін қателіктер де кездеседі. Олардың қатарына соттың дұрыс көрсетілмеуі, мемлекеттік баждың төленбеуі немесе дұрыс төленбеуі, талаптың нақты әрі түсінікті жазылмауы, қажетті құжаттардың қоса тіркелмеуі жатады. Мұндай кемшіліктер талап қоюдың қабылданбай қалуына әкелуі мүмкін.
Қорытындылай келе, сотқа жүгіну – әр азаматтың Конституциямен кепілдік берілген құқығы. Алайда бұл құқықты тиімді пайдалану үшін талап қоюды заң талаптарына сай дұрыс рәсімдеу қажет. Талап қоюды жазу барысында қиындықтар туындаған жағдайда заңгердің көмегіне жүгіну немесе қолданыстағы заңнамамен мұқият танысу азаматтың өз құқығын тиімді қорғауына мүмкіндік береді.
Қ.МЫХАНОВ,
аудандық соттың төрағасы
29 желтоқсан 2025 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 147
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 790

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031