Махаббат

Айналайын махаббат ар жамылған,
Сүйген жүрек сезімнен бал тамызған.
Ғашық жанға жаныңмен табыстың ба,
Аңсап келіп басқандай шөл – тамыздан.
Үйлену ме махаббат ойың қалай,
Тағдыр қиын шындықты мойындамай.
Махаббатты мәңгілік сақтау үшін,
Орай келмес ақылды шығындамай.
Оны сірә, іздемес жандар бар ма,
Жылжып жылдар жүк болған армандарға.
Сүйген жанын таба алған адам үшін,
Басқа бақыт артпайды, бұл – жалғанда.
Мәңгілік деп жатамыз махаббатты,
Сақтаймыз ба осы бір заңдылықты.
Олай болу үшін де білесің бе,
Табу керек сыңардан сан қылықты.
Ақын ағам аты емес, заты мұңды,
Талай жанға тағдыры болар құнды.
«Өмір бақи іздедім махаббатты,
Таба алмадым, алсам да сан қатынды».
Солай деді, мен соған таң қалам ба,
Небір жағдай болады бұл ғаламда.
Тек сыйластық қалады білесің бе,
Махаббаттың орнына көп адамда.
Сақтау қиын өшірмей отты бойдан,
Түйгенім бе өткерген сан мың ойдан.
Мыңнан бір жұп сақтаса махаббатты,
Аяқталған жеңіспен болар майдан.
Кім қоспайды сүйгенге жарау атын,
Төлегеннің тілейміз махаббатын.
Жастық шақта жалындап кім сүймеген,
Тек тәңірім бермесін жаманатын.
Тағдырыңа жазғанға жоқ қой шара,
Сүйген жаның болады ертең ана.
Мыңнан бірге бұйырар махаббатқа
Ие болар, бақытты жандар ғана.
Дастан Мырзабекұлы
14 қаңтар 2026 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031