» » “ҚУАНЫШ ПЕН ҚОЛДАУ” – ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

“ҚУАНЫШ ПЕН ҚОЛДАУ” – ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ


Қармақшы аудандық «Отбасы қолдау орталығының»ұйымдастыруымен психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің базасында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған “Қуаныш пен қолдау” атты семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – аналардың ішкі күйзелісін жеңілдету, эмоционалды қолдау көрсету, өмірлік күш-қуаттарын арттыру. Шараға аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы К.Раева және жастар денсаулық орталығының психологы Ә.Кетебаева қатысты.

Психолог маманы тарапынан:
– Психологиялық жаттығулар
– Ішкі ресурсты ояту әдістері
— Бой сергітерлік қызықты ойындар
— Мотивациялық видеороликтер
– Ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.

Кездесу соңында балаларға және орталыққа ауданға беделді кәсіпкерлердің демеушілігімен ұйымдастырылған сыйлықтар табысталды.

Бір сәттік жылы сөз – бір өмірге күш береді.Бұл кездесу – мейірім мен қолдауға толы шынайы жүздесу болды.

12 қаңтар 2026 ж. 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30