Құрылтай
» » Жүректен-жүрекке – мейірім жолы

Жүректен-жүрекке – мейірім жолы



2025 жылдың қыркүйек айының 10 күні Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы» күніне орай бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес орталық қызметкерлері ауданға беделді кәсіпкердің демеушілігімен «Дәметкен ана» орталығына барып, «Жүректен жүрекке- мейірім жолы» атты іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, өзін-өзі еркін көрсетуге жағдай жасау, ата-аналар мен балалардың арасындағы байланысты нығайту.
Бағдарлама барысында орталық директоры Ә.Сәтмаханова орталық жұмысымен кеңірек таныстырып, балаларға ерекше жағдай жасалғанын көрсетіп өтті.
Ата-аналарға арналған мотивациялық тренинг пен ашық әңгіме алаңы ұйымдастырылып, Өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары жыр- термелерін тарту етіп, көңіл- күйді көтеретін әсем әуен арнады.
Шара соңында орталық басшысының уақытша міндетін атқарушы Н.Балғабаев балаларға кәсіпкердің демеушілігімен арнайы әзірленген сыйлықтарды табыстап, ерекше бала тәрбиелеп отырған батыр аналарға алғыс білдіріп, марапаттады.
Бұл шара – мейірімнің, достық пен қолддаудың белгісі.Ерекше балалар – қоғамның ажырамас бөлігі. Олар махаббат пен шабыттың қайнар көзі.
16 қыркүйек 2025 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31